Facebook-ке енді жұмыста да қорықпай кіруге болады

Facebook-ке енді жұмыста да қорықпай кіруге болады

Кейбір жұмыс орындарында әлеуметтік желілерге кіруге рұқсат берілмейді.

Сондықтан, Facebook-тың негізін қалаған Марк Цукерберг «Жұмыстағы Фейсбук» (Facebook at Work) қызметін қосуды жоспарлап отыр. Сервистің Фейсбуктағы қарапайым парақшадан айырмашылығы аз. Бірақ онда тек әріптестер ғана әңгімелеседі. Қызметтің ең маңызды тұсы – құжат алмасу мүмкіндігі.

Бұл – ұзынқұлақтан жеткен ақпарат. Әзірге компания жаңа қызмет туралы ештеңе деген жоқ. Бірақ, қосымшаны бірнеше компания тәжірибеден өткізіп үлгеріпті. Мамандардың айтуынша, «Жұмыстағы Фейсбук» LinkedIn платформасына үлкен бәсекелес болуы мүмкін.

Сурет: www.poughkeepsiejournal.com

Ж. Өрісбай