Төтенше жағдайда сізге смартфоныңыз көмекке келеді

Кездейсоқ жағдайларда ұялы құрылғымыздың жасырын қызметтері бізге көмектесе алатыны туралы көбіміз біле бермейміз. 

Төтенше жағдайға тап болған кезде 112 нөміріне хабарласыңыз. Сіз аталған нөмірге байланыс сигналы жоқ болғанның өзінде де хабарласа аласыз. Сізге смартфоныңыздың блогталған күйі де кедергі бола алмайды. 112 нөмірі бүкіл әлемде төтенше қызмет ретінде жұмыс істейді.

Сіздің көлігіңіздің кілті көліктің ішінде қалып қойды ма? Шешімі бар.

Егер кілттің екінші нұсқасы үйіңізде бар болса, сіз туыстарыңызға хабарласып, ұялы телефон арқылы естілген кілттің дыбысымен көлікті аша аласыз. Ол үшін сіз өз телефоныңызды көліктің есігінен 30 сантиметр қашықта ұстап тұрасыз. Ал үйдегілер кілттің ашу батырмасын басады. Сонымен, көлік ашылады. Бұл сіздің уақытыңыз бен жүйкеңізді сақтауға көмектеседі.

Егер сіздің телефоныңызды ұрлап кетсе, сіз ұрының телефонды қолдана алмауына жағдай жасай аласыз. Ол үшін,  *#06# сандық комбинациясын бассаңыз, экранда 15 саннан тұратын код шығады. Сол сандық құрылымды өзіңізге сақтап алыңыз. Смартфоныңызды жоғалтып не ұрлатып алған жағдайда сіздің ұялы операторыңыз сіз берген құпия сандық ақпарат арқылы телефоныңызды блогқа қоятын болады.  Бұл, әрине, сіздің ұрланған телефоныңызды қайтып алып келіп бермейді. Бірақ ұрлап алған адамның оны қолдана алмайтынына толық сенімді боласыз. Оған тіпті қуат жинақтағышы мен сим-картасын ауыстырғаны да көмектесе алмайды.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.dietsinreview.com