iPhone 6 смартфонына онлайн-тапсырыстар қабылдана бастады

Қытай аумағындағы ең үлкен байланыс саласында қызмет көрсететушілердің бірі China Telecom компаниясы iPhone 6 смартфонының тұсау кесеріне екі күн қалғанда сатып алушылар санының артуына үлес қосты, деп хабарлайды MacRumors. Нақтырақ айтар болсақ, аталған компанияның ресми сайтының негізгі бетінде жаңа смартфонға алдын ала тапсырыс беру қызметі пайда болды.

Бірнеше сағатқа ғана қосылған онлайн-қызмет түрінде смартфонның мінездемесі толық көрсетілген еді. Ресми сайтта iPhone 6-ның 4.7 дюймді нұсқасы сатылымға шыққан.

Оңтүстіккореялықтар да бұл үдерістен шет қалмауды жөн көріпті. Осыған дейін Apple-дың жаңа өнімі туралы ғаламтор арқылы тараған барлық дұрыс не бұрыс ақпараттарды жинақтай отыра, Spigen компаниясы смартфонға арналған жаңа сыртқаптарды сатуды бастап жіберген.

Case Capsule деген атауға ие болған сыртқаптар моделінің ең қарапайымы $14.99 сомадан басталып, $39.99-ға дейін барады.

Соңыра қайта қалпына келген China Mobile компаниясының онлайн-сату қызметі өз нәтижесін көрсетіп жатыр. Өткен бір күн ішінде жаңа гаджеттің алғашқы иесі атануды ниет еткен China Mobile абоненттері 33 мыңға жетіп үлгерген.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.macrumors.com