Ирина Пак: "Intel мен Google бірлесе жұмыс істеп жатыр"

Massaget.kz порталы Intel корпорациясының Орталық Азия және Күнгей Кавказ елдеріндегі PR менеджері Ирина Пакпен сұқбаттасқан еді. 

– Бүгінгі таңда Intel корпорациясы Қазақстанда қандай қызмет атқаруда? Болашаққа қандай жоспарларыңыз бар?

– Бірінші кезекте атап өтетін мәселе, Intel корпорациясының өкілдігі Қазақстанда 10 жыл қызмет етуде, Орталық Азия мен Күнгей Кавказ елдері: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Армения және Грузия елдерінің аумағын қамтиды. Intel-дің Орталық Азиядағы және Күнгей Кавказ елдеріндегі қызметінің негізгі бағыты мемлекеттік ұйымдар мен корпоративтік сектор инфрақұрылымына ең жаңа ақпарат технологияларын енгізу мен жетілдіруге қолдау көрсету, сауда мен маркетинг саласындағы әріптестермен қарым-қатынасты дамыту. Білім беру саласында Ақпараттық Коммуникациялық Технологияларды қолдану туралы білім мен тәжірибе деңгейін жоғарылатуға бағытталған әртүрлі бастамаларды алға тарту мен енгізуде Intel маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, Intel Қазақстан, Грузия және Әзербайжан елдерінің жоғары сынып оқушыларының Intel® International Science and Engineering Fair (ISEF) байқауына қатысуына белсенді түрде жағдай жасап, дарынды жас ғалымдарды халықаралық деңгейде қолдауда.

Қазақстанда бизнесімізді дамыту үрдісі жайлы оң көзқарастамыз, болашақта жаңа бағдарламалармен қамту мен интегралдауды кеңейтуді жоспарлаудамыз.

–  Intel ISEF байқауы жайлы атап өттіңіз: 2014 жылы қазақстандық оқушы Әділсұлтан Лепес 4-ші орынды иемденді. Intel компаниясы жас ғалымдарға қандай мүмкіндіктер ұсынады?

– Intel ISEF шеңберінде біздің корпорация дарынды оқушылар мен мектептегі зерттеу жобаларының ғылыми жетекшілеріне қолдау көрсетеді. Бұл ғылыммен айналысып жүрген әрі болашақта жоғарғы технологиялар, медицина, биология, информатика және жаратылыстану ғылымдары саласында қызмет ету жоспары бар 13-18 жас аралығындағы жоғарғы сынып оқушылары үшін өте маңызды шара.

Intel ISEF байқауы қатысушыларына өздерінің өзекті өнертабыстары мен ғылыми жұмыстарын ұсынумен қатар өздері сияқты дарынды құрбыларымен, пікірлестерімен араласып, жаңа достар тауып, елдің және бүкіл әлемнің ғылыми элитасымен танысуға бірыңғай мүмкіндік ашады.

Қазақстан байқауға 2000 жылдан бастап қатысып келеді және жыл сайын оқушылар республикалық жарыс қорытындысы негізінде елдің құрамасы құрамында өз жұмыстарын АҚШ-та өткізілетін Intel® ISEF халықарлық байқауына ұсыну құқығын иеленеді. Қазақстандық жасөспірімдер математика, физика, жаратылыстану ғылымдары салаларында әрдайым лайықты жобалар ұсынып жүр.

– Біз сонымен қатар, Intel Назарбаев Университетімен әріптестік негізінде жоғарғы оқу орнына Intel Education Solutions бағдарламасын іске асыруда ақпараттық және техникалық қолдау көрсетіп, HPC (High Performance Computing) саласында өзара тәжірибе алмасатынын білеміз. Басқа да қандай отандық ұйымдармен әріптестік қарым-қатынастасыздар?

– Іс жүзінде Intel корпорациясы Қазақстанда барлық индустриалдық ойыншылармен –  алдыңғы қатарлы бөлшек сауда желілерімен, жүйе интеграторларымен, трансұлттық холдингтармен, байланыс операторларымен Intel архитектура базасы шеңберінде жергілікті нарықтарға таңдаулы өнімдерді жұмылдыру мақсатында әріптестік қарым-қатынаста. Сонымен қатар, Intel республикалық және облыстық деңгейде Ақпараттық Коммуникациялық Технологияларды енгізу мәселесі бойынша билік органдарымен өзара қызмет жасайды. Мәселен, Қазақстан Республикасында білім беруді жетілдіру туралы Мемлекеттік бағдарламасы шегінде Intel корпорациясы «Электрондық оқу ортасы «1 оқушы: 1 компьютер» білім беру моделін жасап, оны орнату жұмыстарын жүргізді. Әртүрлі мемлекеттік бастамаларды қолдау, ақпараттық коммуникациялық технологиялар нарығының дамуына жәрдемдесу, суперкомпьютерлік технологияларды қолдану мен Қазақстан Республикасында өтімділігі жоғары есептеуіш құралдарын пайдалануды нығайту үшін Intel әлемнің өзге аймақтарында жинақтаған тәжірибесімен бөлісіп және сол білімін біздің елдің үкіметіне пайдалануға табыс етеді.  

– Индустрияның ғаламдық тренді туралы, соның ішінде – мобильдік беталыс жайлы сөз қозғайық. Бүгінгі таңда бүкіл әлем смартфондарды үздіксіз қолдануда. Мобильдік құрылғылар нарығында Intel-дің ұстанымы қандай?

– Intel корпорациясы өзінің заманауи технологиялары мен өндірістік тәжірибесін смартфондарға арналған Intel® Atom™ процессорларын жасауға қолданады. Біздің ұсынысымыз қуат тиімділігі мен автономды жұмыстың ұзақтығына нұқсан келтірмей жұмыстың айрықша нәтижелігін қамтамасыз етеді.

2012 жылы ең бірінші Intel Inside® смартфондары пайда болды, ал 2013 жылы Intel-дің ұсынысына тапсырыс берушілер өз ұсыныстарын 30-дан астам елде ұсынды. Intel корпорациясының 2014 жылғы негізгі міндеті – өзінің нарықтағы орнын бекіте түсу және ірі Жабдықты Түпкі Өндіруші - жабдықтаушыларына негізделген, стратегиясы бар жаңа өнім шығарудың бәсекеге қабілетті жобасын жасау.

2014 жылғы Mobile World Congress жәрмеңкесінде Intel корпорациясы тактілік жиілігі 2,13 ГГц (Merrifield) Intel® Atom™ Z3480 процессорын ұсынды. Бұл 64-разрядты смартфондар мен планшеттерге арналған кристалды жүйе, ОС Android басқаруымен жұмыс жасайды және ұзақ уақыт бойы автономды жұмыспен жетік, жоғары өнімділікті үйлестіреді.

Сонымен қатар, Intel мен Google қуат көзін аз тұтынатын Intel® Atom™ процессорлар топтамасы үшін ОС Android болашақтағы нұсқаларын жасап шығару мен оңтайландыру мақсатында бірлесіп жұмыс істеп жатыр.

– Әңгімеңізге рақмет! 

Сұқбаттасқан: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: Ирина Пактың жеке мұрағаты, Intel корпорациясының баспасөз қызметі, kfc1973-stock.blogspot.com