Қытайлықтар Google қызметтерін жауып тастады

Дәл қазір, Google-дің көптеген қызметтері Қытайда қол жетімді емес. Қытайлықтар Іздеу браузері, Picasa веб-альбомы мен онлайн-аудармашы секілді Google-дің негізгі қызметтеріне қол жеткізе алмай отыр. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар электронды жәшігін де тексеруден кенде қалған. Бұл уақытша қойылған шектеу ме әлде біржола жабылған ба, ол әзірге белгісіз.

Құқық қорғау органдары ғаламтор қызметтерінің жабылып қалуына осыдан 25 жыл бұрын Тяньаньмэнь алаңында орын алған студенттер шеруі себеп болғанын айтады. Сол кезде, үкіметке қарсы шыққан студенттер тобы басып тасталған болатын. Нақты статистикалық ақпаратқа орай, 200-ден астам студент өлтіріліп, 7 мыңға жуығы жарақат алған еді. Өзге дерекөздер құрбан болғандар санын мыңнан асатынын хабарлаған.

Одан бөлек, 1989 жылы болған оқиғаға қатысты LinkedIn әлеуметтік желісінде жазылып жатқан комментарийлер мен бөлісулер үкіметтік сынның астарын көрсете бастады. Сондықтан, LinkedIn басшылығы саяси тақырыпта жазылған барлық комментарийлердің жарияланып жатқанын айтып, өшіріп тастауда.

Қазір Google КХР билігіне өте сындық көзқараста. Коопорация Қытай елінде өз жұмысын 2005 жылы бастаған болатын. Ал 2010 жылдың қаңтар айында Қытай құқық қорғау органдарының Gmail-аккаунтына кибер шабуыл жасалғаннан бастап, келсісімнің ара жігі ажыратыла бастайды. Нәтижеде, Google өз серсерлерін Қытайдан Гонгконгқа көшіруіне тура келді. Сосын ідеу браузері Google.com.hk электронды бетіне ауыстырылған болатын.

Жалпылап айтқанда, Қытайдағы ғаламтор қызметтері биліктің сынына ұшырап, табу қойылып жатыр. Айта кетсек, Қытай аумағында YouTube видео хостингіне кіре алмайсыз. Ал 2009 жылдан бері қарай қытайлықтарға Twitter және Facebook әлеуметтік желілерін қолдануға шектеу қойылған. Осыған орай, Үкіметтің бақылауында болатын әлемнің беделді қызмет көрсету түрлері мен сайттарының аналогтары жұмыс жасайды. Мысалы, Google іздеу тетігінің орнына Baidu іздеу жүйесі, ал Twitter-дің орнына Weibo жергілікті әлеуметтік желісі жұмыс атқарады.

 Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: online.wsj.com