Самурайлар не үшін қалқан пайдаланбаған?

Самурайлар не үшін қалқан пайдаланбаған?
Фото: http://diletant.media/

Соғыс өнерінің тарихына қызығатын адамдардың ең көп қоятын сұрағы: «Cамурайлар соғыс кезінде неге қалқан пайдаланбаған?». Бір сөзбен айтқанда тарихта халықтың барлығы дерлік жорыққа қалқанмен шықса, жапондар неге қалыс қалды дегені.

Орта ғасырда жапондар да қалқан пайдаланғаны белгілі. Бірақ бұл қалқан «татэ» деп аталатын батыс еуропалықтардың қалқанына ұқсас, жаяу әскер мен садақшыларға арналған. Олар өте ауыр және үлкен болған. 

                                                                                     "Татэ" қалқаны 

Жапон даласы таулы-қырат және орманды болғандықтан ең бірінші атты әскер жүруі олар үшін тиімсіз еді. Сол себепті алдыңғы шепте садақшылар, одан кейін жаяу әскер және соңында атты әскер жүрген. Ал алдыңғы шептегі садақшылар мен жаяу әскер үшін қалқанның болғаны жөн. Оларға «татэ» сынды ауыр және тиімсіз қалқан емес жеңіл әрі қолайлы болғаны керек. Бірақ самурай-садақшылардың көбісі буддисттер болғандықтан олардың түсінігінде қолдарына қалқан алып немесе қорғаныш зат алып жауға шабуыл жасау ұят деп саналған. Ал қалқансыз соғысу деген сөз өлімге бас тігумен бірдей. Не істеу керек? 

Сұрақтың жауабы табылды. Ақыры бамбук ағашынан мықты етіп, моңғолдардың жебесі секілді, адам бойынан асып кететін ұзындықта садақ жасап шықты. Садақпен бірге қалқанды қолға көтеріп жүрмес үшін, самурай-садақшыларға арналып арнайы қалқанша киім тігілді. 

Аталған қалқанша «о-ёрой» деп аталады. Оның қорғаныш қабаты сіз ойлағаннан да әлдеқайда мықты болды. Себебі ол үш жұқа қабаттан тұрды. Әр қабат түрлі қорғаныш қабатынан түзіледі. Аталған қорғаныш қалқаншалы киім жапондардан басқа өзге ешкімде болмады. Тіпті кейін аталған технологияның әсерінен: «татэна-си» деген сөз пайда болды. Бұл «қалқан қажет емес» дейтін сөз. 

М. Ақан