Немістің танымал тапаншасы – Mauser C-96

Маузер к-96 – 1895 жылы жасалған, немістің өздігінен оқталатын тапаншасы.

Тапаншаны «Маузер» компаниясында ағайынды Фидельдер, Фридрих және Йозеф Федерле құрастырған. Фидель Федерле «Маузер» қару-жарақ зауытында қаруды өндіріп шықты, алғашқы атауы Р-7.63 немесе «Федерле тапаншасы» болып аталды. Уақыт өте келе 1895 жылы тапанша Германияда Пауля Маузердің атына патенттелген. (Патент нөмірі № 90430. 11 қыркүйек 1895 жыл). Ұлыбританияда 1896 жылы патентелді.

1896 жылы алғашқы тапанша шығарыла бастады, 1897 жылы олардың сериялық нөмірлері анықталды. Бұл өндіріс 1939 жылға дейін жалғасты. Осы мерзім арасында миллионға жуық 96-С тапаншасы қолданысқа түсті. Сол кезеңдегі Маузердің қаруы үлкен әрі сапалы болғандықтан, тапанша танымалдыққа ие болды.

Тапанша үлкен болғанымен жеңіл әрі қолайлы. Оғының ұшу ұзақтығы – 1000 метр. Тапанша ағаш бұйымдармен жабдықталған. Танымал болуына екінші себебі қару бағасы да сапасына сай қымбат болған. Ал қымбат дүние қашанда құнын жолғатпайтыны белгілі.