Бала туралы баламалар

Бала туралы баламалар

Бала - баршаға ортақ мұра.

Бала – адамның бауыр еті.

Бала – жасыл құрақ.

Бала – адамның тал шыбығы.

Бала – адам өмірінің бәйшешегі.

Бала – адам өмірінің өркені.

Бала – адам өмірінің өшпес алауы.

Бала – адам өмірінің жалғасы.

Бала – адам өмірінің мәңгілік жанып тұрған шырағы.

Бала – адам өмірінің мәңгі көктер көктемі.

Бала – адам өмір шындығының жауһары.

Бала – адамдық ардың айнасы.

Бала – мүмкіндіктің иесі.

Бала – адамдық тілектің түйіні.

Бала – ата-ананың жүрек қылы.

Бала – ата-ананың мақтанышы.

Бала – баршаның қызығы.

Бала – бір парақ ақ қағаз.

Бала – адам өмірінің тартылған бір соқпақ жолы.

Бала – отбасының базары.

Бала – қоғамның тірек күші.

Бала – барлық тіршіліктің тынысы.

Бала – болашақтың қожасы.

Бала – асылдың қиығы.

Бала – адамзаттың бұл өмірге сепкен дәні.

Бала – дүниенің ең асыл мұрасы.

Бала – адамзаттың сарқылмас кәусар бұлағы.

Бала – адамзат тарихын алға бастырушы күш.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: goo.kz 

M. Auelkhan