Бауыржан Момышұлы өмірінің тарихи тізбесі

Елім деп еңіреп, Отан үшін отқа түскен батырлардың бірі әрі бірегейі − Бауыржан Момышұлы. Хронологиялық тәртіп бойынша назарларыңызға баһадүр бабамыздың өмірінің тарихи тізбесін ұсынамыз.

1910 − 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген.

1921 − Әулиеатадағы Аса интернатына оқуға келеді.

1924 −  3 сыныпта Шымкенттің 7 жылдық мектебіне ауыстырылады.

1928 −  мектепті үздік бағамен бітіріп, Орынборға келеді. Бірақ әлеуметтік жағдайына байланысты кері қайтады.

1928-1930 − бастауыш мектепте мұғалім болады.

1932 − Қызыл Армия қатарына шақыртылады. Қызметін өтеп қайтқан соң, Шымкент, Алматы өнеркәсіп банкілерінде жұмыс істейді.

1936 −  Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты бітіреді.

1936 −  Қызыл Армия қатарына қайта алынып, взвод, рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі болады.

1939 −  әкесі Момыш қайтыс болады.

1941 −  Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы қызметін атқарады.

1941 − соғыс басталғанда 316-атқыштар дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанады.

Осы жылы Мәскеу түбінде ұрыстар жүргізіп ерлігімен көзге түседі.

1941-1945 −  Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі болады. Соғыстың соңғы жылдары осы

дивизияны басқарады.

1942 −  Бауыржан Момышұлының жауынгерлері мамыр айында Калинин майданында жауға ойсырата соққы береді.

1942 − 6 маусымда "Қызыл Жұлдыз" орденімен марапатталады.

1944 − ауырғанына байланысты Алматы госпиталіне жіберіледі. 

1945 − 16 қаңтарда Алматыға келген Бауыржанды ғалымдар соғыс туралы әңгіме-дәрісін тыңдауға шақыртып, кездесу өткізеді.

1946-1948 − Ворошилов атындағы әскери академияның тыңдаушысы болады.

1948-1950 − 49-атқыштар бригадасы командирінің орынбасары қызметін атқарады.

1952 − Кеңес Армиясы Бас Штабының жанындағы Жоғары әскери академияны бітіреді.

1953 − академик Ван-Чон-Худың басқаруымен келген Қытай делегациясымен кездеседі.

1950-1955 − әскери академияда сабақ беріп, тұрақты әскери қызметін атқарады.

1955 − әскери қызметтен босатылады.

1952-1956 − "Офицердің күнделігі", "Бір түннің тарихы", "Біздің семья" деген алғашқы кітаптары жарық көреді.

1962 − Фидель Кастро батырды Куба жерінде көргісі келіп, арнайы шақырту жібереді.

1963 − күзде Куба үкіметінен қайта-қайта шақырту келе бергендіктен, 10 күндік сапармен барып қайтады.

1959-1966 − "Москва үшін шайқас", "Жауынгердің тұлғасы", "Майдан", "Майдандағы кездесулер", "Генерал Панфилов", "Төлеген

Тоқтаров", "Куба әсерлері" секілді кітаптары жарыққа шығады.

1970-1975 − "Ел басына күн туса", "Ұшқан ұя" кітаптары жарық көреді.

1981 − "Адам қайраты" еңбегі дүниеге келеді.

1982 − 10 маусымда Алматыда дүниеден өтті.

1990 − Кеңес Одағының Батыры деген атақ беріледі.