Павлодарда кәріз құдығынан ер адам өлі табылды

Павлодарда кәріз құдығынан ер адамның мәйіті шығарылды. Полиция оның жеке басын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Қамзин көшесінде кәріз құдығынан ер адам өлі табылған туралы ақпарат тарады.

Мұны облыстық полиция департаменті растады. 

"Аталған факті Павлодар қаласының полиция басқармасы оңтүстік полиция бөлімінде тіркелген. Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамның жеке басы анықталды. Зорлық-зомбылықтың сыртқы белгілері жоқ", - деп хабарлады департамент.

Сараптама тағайындалды. Оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!