Атыраудың бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев изолятордан үйқамаққа шығарылды

Атыраудың бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев изолятордан үйқамаққа шығарылды
Фото: azh.kz

Атырау қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен үйқамаққа шығарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 11 қарашадағы қаулы бойынша Қайрат Оразбаевқа қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

"Атырау облысы прокурорының өтінішхаты бойынша Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының  2023 жылғы 22 желтоқсандағы  қаулысымен Қ.Оразбаевқа қатысты бұлтартпау шарасы оның денсаулық жағдайына байланысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасына өзгертілді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Атырау қаласының экс-әкімі Қайрат Оразбаев былтыр 9 қарашада қамауға алынды. Ол 2020-2022 жылдары облыс орталығын басқарған болатын. Прокуратура Атырау әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қаладағы жер телімдерін заңсыз бөлу дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқаны хабарлаған еді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина