Бірыңғай уақыт белдеуіне көшкен соң электр энергиясын көбірек төлейміз бе?

Бірыңғай уақыт белдеуіне көшкен соң электр энергиясын көбірек төлейміз бе?
Фото: pixabay.com

Наурызда елімізде бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі. Бұл энергетикалық жүйеге қалай әсер етеді? KEGOC акционерлік қоғамының басшысы Нәби Айтжанов жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айтжановтың айтуынша, электр қуатын тұтыну көп болса 1 сағатқа ұзарады.

"Бұл өзгеріс соншалықты әсер етпейді. Иә, электр қуатын тұтыну көлемі кішігірім мөлшерде ұлғаяды. Электр қуатын белсенді тұтынатын кезең қосымша бір сағатқа ұзарады. Біздің жүйе оған дайын деп айта аламыз. Сондықтан ұлттық энергетикалық жүйеге мұндай үлкен алаңдаушылық жоқ", - деді KEGOC басшысы Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Жасұлан Ордабаев

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz