Гастроэнтеролог детокс диетаның бауырға төндіретін қаупі туралы ескертті

Детокс диеталар бауырды улы заттардан тазартуға көмектеспейді. Бұл туралы гастроэнтеролог Анастасия Феклистова мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "News.ru-ға" сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, бауырға ағзадан улы заттарды шығару үшін қосымша көмек қажет емес. Бауыр тиісті қызметін өзі орындай алады, ал егер мәселе туындаған болса, бұл бауырдың зақымданғанын білдіреді, мысалы бауыр циррозы. 

Осыған байланысты ол бауырды алма, лимон, түрлі майлар, балдыркөк секілді "пайдалы" өнімдермен тазарту мүмкін емес екеніне назар аударды. Ал детокс диетасын ұстану, керісінше, ағзаға зиян тигізеді. Оған қоса диеталық қоспаларды дәрігердің бақылауынсыз тұтыну тіптен қауіпті.

"Егер шынымен бауыр қызметін жақсартқыңыз келсе, онда тамақтану режимін сақтап, салмақты бақылап, дене шынықтырумен айналысып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Жаман әдеттерден аулақ болыңыз", - деді Анастасия Феклистова.

Ал улы заттарды шығару үшін күні бойы тамақтанбау ағзаның дұрыс жұмыс істемеу қаупін арттырады. Оның сөзінше, аштықтан өт тас ауруы дамиды. 

Айта кетейік, бұған дейін бауыр қызметінің бұзылғанын қайдан білуге болатыны хабарланған болатын.

  • Оң жақ қабырға астының ауыруы;
  • Салмақ қосу;
  • Жүрек айну немесе құсу;
  • Шаршай беру;
  • Ауыздан жағымсыз иістің шығуы;
  • Терінің және көздің сарғаюы;
  • Зәр мен нәжіс түсінің өзгеруі;
  • Аяқтың ісінуі;
  • Терінің қышуы.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қасым ханның неше баласы болған?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!