"Күйеуімнің қас қабағына ғана жауаптымын". Ерке Есмахан бес көмекшісі бар екенін айтты

"Күйеуімнің қас қабағына ғана жауаптымын". Ерке Есмахан бес көмекшісі бар екенін айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында қанша көмекшісі бар екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, бұл жолы көмекшілерін Мальдивке ала барған.

"Сонымен 7 адам кім" деп сұрағандарға, "Ерке, осы сен не істейсің, бәріне өзің үлгеріп жүрсің бе?" деп қоймай сұрап жатқандарға жауап берейін. Мальдивқа Райм және мен, қайным, Муслим, Ислам, бала күтушісі мен көмекшім келдік. Мені шаршап жүр екен деп ойлап қалмаңыздар", - дейді ол.

Сондай-ақ, әнші бірнеше көмекшісі барын жеткізді.

"Тұрмыс тіршілігімді толығымен айтып берейін. Негізі керек болса бәрін өзім жасаймын, қолымнан бәрі келеді. Бірақ жасамаймын. Еркемін еркелет өмір, ер жігіт еркелете біл деп бекер әндетпеппін бір кезінде. Ислам дүниеге келгелі үй жинап, кір жуып, киім үтіктеп, азық-түлікке барып, дәмді тамақты дайындап қоятын, бар тірлікті істейтін үй жұмысшысы бар. Муслимді сабаққа, жаттығуға апарып, алып келетін жүргізуші бар. Бала күтушісі ол міндетті түрде. Жұмыс жағын реттеп отырған 2 директорымыз бар. Барлық осы қасымыздағы жандарға мың алғыс. Бар жағдайымызды жасап, отбасын асырап отырған, адал табысты, несібесі мол, берекелі күйеуім. Барлық еркелеуім осы жолдасымның арқасы. Рахмет, жұмағым", - деді ол.

Ерке Есмахан болашақта қызды болуды жоспарлайтынын да айтты.

"Шын, мен дым істемеймін, кітап оқимын, сериал, кино. Менің міндетім тек Исламның қасында болуым керек, уақытылы емізуім керек және күйеуімнің қас қабағына жауаптымын. "Оой ужас, ештеңе істемейді екен, жалқау, құтырған" деп шошымаңыздар. Әркімнің тіршілігі әртүрлі. Маған Алла осылай бұйыртыпты. ...Сол үшін бұйырса енді қыз тумасам болмас деп отырмын ғой. Өзім-ай өзім", - деді ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова