Заманбек Нұрқаділовтің ескерткіші қай жерден бой көтеретіні белгілі болды

Заманбек Нұрқаділовтің ескерткіші қай жерден бой көтеретіні белгілі болды
Фото: voxpopuli.kz

Алматы облысында қоғам және мемлекет қайраткері Заманбек Нұрқаділовке ескерткіш орнату жұмыстары аясында басқосу өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жиын барысында Заманбек Қалабайұлына қойылатын ескерткіштің орнын белгілеу, ескерткіштің жер учаскелерін таңдау схемалары туралы сөз қозғалды", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, ескерткіш салуда көпшіліктің пікірі ескерілгені, Кеген өнер мектебінің алдынан саясаткердің ескерткішін орнату жоспарланып отырғаны айтылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кеген Ауданы (@kegen_audany_akimdigi)

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы Кеген ауданында Заманбек Нұрқаділовтің ескерткіші орнатылатыны хабарланды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова