Қарағанды көшелерінен жұмбақ жағдайда қайтыс болған екі адамның мәйіті табылды

Қарағандыда 30 жастағы ер адам мен 80 жастағы қария жұмбақ жағдайда қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Көшеден табылған мәйіттен полиция зорлық-зомбылық өлімінің белгілерін таппады.

Комисарова көшесіндегі орталық саябақта 30 жастағы ер адамның денесі табылды. Куәгерлер орындықта жатқан ер адамды байқаған. Басында олар ер адам жай шаршады деп ойлаған. Кейінірек олар тірі адамның нышанын байқамаған. Ал 80 жастағы зейнеткердің мәйіті қала орталығында, Бұқар жырау даңғылынан табылды. Өтіп бара жатқандар полиция мен жедел жәрдем шақырған. 

"Мәйіттерде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Аталған фактілер полицияға тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша шешім қабылданады", - деп хабарлады Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!