Қазақстанда жас ғалымдарға жыл сайын пәтер берілмек

Қазақстанда жас ғалымдарға жыл сайын пәтер берілмек
Фото: depositphotos.com

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки елімізде арнайы бағдарлама арқылы жыл сайын 100 жас ғалымға пәтер берілетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол былтыр Отбасы банкі жас ғалымдарға арналған тұрғын үй бағдарламасын іске қосқанын еске салды.

"Банкпен жасалған меморандумға сәйкес, алғаш рет 100 жас ғалымға (төмендетілген пайызбен ипотекаға) пәтер берілді. Келесі жылы 150-200 адам баспаналы болады деген жоспар бар. Бұл бағдарлама Отбасы банкінің өз қаржысы есебінен іске асырылып жатыр. "Ғылым және технологиялық саясат туралы" заң жобасы қабылданғаннан кейін болашақта мемлекеттен де қаржы бөлінуі мүмкін", - Дархан Ахмед-Заки Мәжілісте.

Оның пікірінше, бұл жас ғалымдарға тек ғылыммен айналысуға мотивация береді.

"Жыл сайын жоқ дегенде 100 жас ғалым баспаналы болады. 2026 жылған дейін бір мың адам пәтер алады", - деді вице-министр.

Аяз Есен 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!