"Астана" халықаралық қаржы орталығындағы қызметкерлердің жалақысы қанша?

"Астана" халықаралық қаржы орталығындағы қызметкерлердің жалақысы қанша?
Фото: Massaget.kz

"Астана" халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Ренат Бектұров қызметкерлерінің жалақысы қанша екені, отбасын қалай асырап жүргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдымен ол орталықтағы мамандар мен өзінің жалақысына тоқталды.

"Жалақы қызметкердің деңгейіне қатысты төленеді. Мысалы, жас мамандар тәжірибесіне байланысты 300 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейін алады. Орта буындағы мамандардың жалақысы – 600 мың теңге, басшылар 700-800 мың теңгеден жоғары алады. Мен бірінші басшы ретінде жалақым 700-800 мың теңгеден жоғары. Жалақымды жарияламау туралы құжатқа қол қойдым", - деді Ренат Бектұров Сенаттың жалпы отырысынан соң.

АХҚО басқарушысы қосымша табыс табу үшін жалақысын инвестицияға салмайтынын, қарапайым қазақстандық сияқты өмір сүретінін жеткізді

"Біріншіден, мен белсенді түрде инвестиция жасай алмаймын. Себебі, уақыт жоқ. Жалақыны үнемдеуге тырысамыз. 5 балам бар. Барлыңы сияқты өмір сүреміз. Ипотека, балабақша мен мектепті төлейміз. Әрине, несием бар. Бұған ипотека мен тұтынушылық несиені жатқызуға болады", - деді басшы.

Аяз Есен

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы