Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты

Жетісу облысында жол апатынан бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Кербұлақ ауданындағы Алматы – Өскемен автожолының 132 шақырымында болды.

"62 жастағы Daewoo Damas көлік жүргізушісі арақашықтықты сақтамай, бір бағытта келе жатқан W06159-220 жүк көтергіш техникасымен соқтығысты. Daewoo Damas жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген хабарламада.

Өңір полициясы ҚР-ның жол қозғалысы ережелерінің талаптарын бұзбауға, жолдардағы көлік құралдары арасындағы қауіпсіз арақашықтықты сақтап, рұқсат етілген жылдамдықты асырмауға шақырады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!