Лифтіге сыра ішіп кірген астаналық полицейлер лауазымдарынан босатылды

Лифтіге сыра ішіп кірген астаналық полицейлер лауазымдарынан босатылды

Лифтіге сыра ішіп кірген астаналық полицейлер лауазымдарынан босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Астананың Полиция департаментінің басшысы Марат Түлебаев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

"Әлеуметтік желілер мен телеграм каналдарында таратылған елорда ПД қызметкерлеріне қатысты бейнеге орай мынаны хабарлаймын: Елордалық Полиция департаменті қызметтік тергеу жүргізді, оның нәтижесінде қызметкерлер атқаратын лауазымдарынан босатылд", - дейді ПД басшысы. 

Еске салайық, кеше, 24 қаңтарда лифтіге сыра ішіп кірген астаналық полицейлер видеоға түсіп қалған болатын. Видео әлеуметтік желіде тарады. Желі қолданушыларының ойы екіге бөлінген. Бірі бұл полицейлердің жұмыс уақытынан тыс кезде болған жайт екенін айтса, енді бірі полицейлер қоғамдық орында сырамен көзге түспеуі керек еді дейді. 

Бұл дерекке қатысты Астананың Полиция департаменті өкілдері жауап берген болатын. Алайда артынша ПД өкілдері жауап ретінде жазылған пікірді өшіріп тастаған. Жауапта видеоға қатысты қызметтік тексеріс жүргізілгені хабарланған болатын. 

"Тексеріс нәтижесінде қызметкерлер кезекшіліктен кейін үйіне қайтып келе жатқаны анықталды. Қызметкерлердің құрамында спирті бар сусынды сатып алуы және ішуі анықталмаған. Нысанды киім-кешекті бұзғаны үшін қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Заңның бұзылуына жол бермеу туралы жеке құраммен жұмыс жүргізілді", - дейді ПД өкілдері.  

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина