Сейсмолог: Алматыда тұрғын үйлердің 30 пайызы жер сілкінісіне төзбейді

Сейсмолог: Алматыда тұрғын үйлердің 30 пайызы жер сілкінісіне төзбейді
Фото: massaget.kz \ Болат Айтмолда

ҚР құрметті құрылысшысы, академик Таңатқан Абақанов "Massaget" ютуб арнасына берген сұхбатында Алматыдағы үйлердің 30 пайызы жер сілкінісіне төзбейтінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ал Тәуелсіздік жылдары салынған үйлерді 9 баллдық жер сілкінісіне төзімді деп айтуға болады. "КАЗНИССА" АҚ зерттеуіне сүйенсек  Алиматыдағы үйлердің 30 пайызы сейсмикаға төзімділігі нашар деп айтуға болады. Кейбір баспаналарды қайтадан тексерістен өткізу керек", - дейді академик. 

Сондай-ақ Кеңестік кезеңде 50 жылдары салынған үйлерді қайта тексерістен өткізу керектігін айтты. 

"Үйлердің қанша баллдық жер сілкінісі кезінде құлауы мүмкін екенін тап басып айту қиын. Қала жүз жылдан бері салынып келе жатыр. Шаһарда ескі үйлер де, жаңа үйлер де бар. 1962 жылға дейінгі салынған үйлерді қауіпті деп айтуға болады. Қазір 2-3 этаждық 50-інші жылдары салынған үйлер бар. Олар сейсмикаға төзбейді. Алматы үй құрылысы комбинаты салған баспаналардың барлығы жер сілкінісіне өте төзімді. Мысал айта кетейін, 1988 жылы Армениядағы "Спитак" жер сілкінісі кезінде қала қирап қалды. Сол кезде дәл осы компания салған 5 қабатты екі үй құламады. Бұл үлкен мақтаныш болды. Мынау 70 жылдан бастап  Кеңестік кезеңде салынған 5-9 қабатты үйлерді төзімді деп айтуға болады",- дейді Таңатқан Абақанов.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Зинешов