2978 теңге қарызы бар қазақстандық банкрот болып танылды

2978 теңге қарызы бар қазақстандық банкрот болып танылды
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

2978 теңге қарызы бар қазақстандық банкрот болып танылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бірінші кредиттік бюроның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бюро мәліметінше, 2023 жылы 77 мың адам банкрот болуға өтініш берген, оның 62 мыңы расталмаған. 

8,3 мың адам банкрот атанған. Олардың жалпы қарызы 962 мың теңге. Орташа сома - 1,6 миллион теңге. Бір қызығы 2978 теңге қарызы бар адам банкрот болып танылған. 

Айта кетейік, банкрот болып танылудың салдары бар. Мысалы банкрот болған адам одан кейінгі 5 жылда несие ала алмайды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина