Еліміз бойынша қанша қазақстандық іздеуде жүр?

Еліміз бойынша қанша қазақстандық іздеуде жүр?
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Бас прокуратура өкілдері қанша қазақстандық іздеуде жүргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша, қазір 10 178 адам іздеуде жүр, олардың 2 098 хабар-ошарсыз жоғалғандар.

Жоғалған адамдардың көбі:

  • Алматы - 278;
  • Қарағанды -217;
  • Павлодар облысы - 170;
  • Алматы облысы - 152 тіркелген.
  • Үйден кетіп, оралмаған - 1 572 адам ,
  • автокөлікпен жоғалған - 73 ,
  • жұмыстан кеткен - 38 .

Көбіне 30-дан 49 жас аралығындағы ер адамдар әртүрлі жағдайларда жоғалады. Сондай-ақ, елде тергеу мен соттан жасырынған 2 378 адам іздестіріліп жатыр.

Іздеуде жүргендер - негізінен 31 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар.

Олардың ең көп саны алаяқтық (526), ұрлық (309) және адам өлтіру (143) дерегі бойынша :

  • Алматы қаласында (496)
  • Астана қаласында (183)
  • Шымкент қаласында (149)
  • Алматы (164)
  • Қарағанды (148) облыстарында іздестіріліп жатыр. 

Қазақстанда іздестіруді ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүзеге асыратынын еске саламыз.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек