Таразда құдықтан ер адам өлі табылды

Таразда құдықтан ер адам өлі табылды
Фото: Видео кадры

Таразда құдықтан ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұдан бір күн бұрын taraz_v_obektive Instagram-парақшасында полиция қызметкерлерінің құдықтан бірнәрсе алып шыққаны бейнеленген видео пайда болды. Куәгерлер бұл видео Тараздың 10-шағынауданында түсірілгенін жазған.

Бұл дерек бойынша Жамбыл облыстық полиция департаменті өкілдері құдық ішінен ер адамның денесін тапқанын хабарлады.

"Учаскелік полиция инспекторы қызметтік аумақты патрульдеу кезінде Тараздағы шағынаудандардың біріндегі үйлердің артындағы құдықтан ер адамның денесін тапты. Зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Марқұм 50-60 жас шамасында. Ер адамның жеке басы анықталып жатыр", - делінген жауапта. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек