Шымкентте анасын балағаттаған ер адам жауапқа тартылды

Шымкентте анасын балағаттаған ер адам жауапқа тартылды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Шымкентте анасын балағаттаған ер адам жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тұран ауданының учаскелік инспекторлары ішімдік сатқанды да, ішкенді де жауапсыз қалдырмады. Ұлының араққа сылқия тойып, үйдің берекесін алғанына шыдамаған қарт полицияға өзі хабарласқан.

Тәртіп сақшылары заңбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша хаттама толтырды. Оның мінез-құлқына ерекше талап қойылды. Сондай-ақ, түнгі сағат 21:00-ден кейін ішімдік сатқан дүкен иесі де жауапқа тартылды.

"Ер адам ІІО-ның есебіне қойылды. Алдағы уақытта наркологиялық диспансерде ем қабылдайды", - деп жазылған ведомство мәліметінде.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова