"Өзімнен гөрі отбасымды аяймын". 17 жасында колонияға түскен павлодарлық жан сырын ақтарды

"Өзімнен гөрі отбасымды аяймын". 17 жасында колонияға түскен павлодарлық жан сырын ақтарды
Фото: Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz

Павлодардағы №45 колонияда 2005 жылы туған жігіт жазасын өтеп жүр. Оңай ақшаның артынан жүгіріп, жеңіл жолмен қалталы болғысы келген. Алайда, тәртіп сақшылары оның жолын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

"Мен есірткі таратқаным үшін 17 жасымда колонияға түстім. Тек жеңіл жолмен ақша тапқым келді. Үш айда 800 мың теңгеге жуық пайда көрдім. Алайда бұл қуанышым ұзаққа барған жоқ. Ұсталып, соттың шешімімен 7 жылға сотталдым", - дейді ол. 

Бүгінгі таңда істі болған азамат өзінің жасаған қателігін түсініп, өкінетінін айтады. Ол ұсталғанда кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған колонияға қамалған. Арада 20 күн өткеннен кейін 18 жасқа толған соң ересектер лагеріне жөнелтілген. 

"Шынымен де жасаған әрекеттерім үшін өкінемін. Өзімнен гөрі отбасымды аяймын. Анам мен әпкем бар. Олар келіп тұрады, кездесіп, сөйлесеміз", - дейді ол. 

Сотталушы қазір түрме ішіндегі мектепте білім алып жатыр. Оқуды аяқтаған соң аттестат алып, жоғарғы оқу орындарына түсе алады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан