Батыс Қазақстан облысында автобус жүргізушісінің өліміне қатысты сот үкімі шықты

Батыс Қазақстан облысында автобус жүргізушісінің өліміне қатысты сот үкімі шықты
Фото: Tengrinews.kz

Батыс Қазақстан облысында жолаушылар автобусының жүргізушісі қаза тапқан жол апатына кінәлі көлік жүргізушісі екі жылға сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город"-қа сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 2023 жылдың ортасында Тасқала ауылында болған. Hyunday Elantra жүргізушісі Чижинская көшесімен келе жатқанда жол ережесін бұзып, Toyota Coaster жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Оқиға салдарынан автобус жүргізушісі қаза тауып, жолаушылар түрлі дене жарақатын алды.

Батыс Қазақстан облыстық сотының мәліметіне қарағанда, сот көлік жүргізушісін Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша кінәлі деп таныды. Ол бес жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Жәбірленуші тараптың талап арызы ішінара қанағаттандырылды. Сотталған адам 2,3 миллион теңге көлемінде материалдық шығын мен 5 миллион теңге моральдық шығынды өтеуге тиіс. ЖШС-нің тағы бір талап арызы азаматтық іс жүргізу тәртібімен қарау үшін сотқа жолданды.

Үкімге қатысты апелляциялық шағым түскенімен, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы оны өзгеріссіз қалдырып, заңды күшіне енді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан