Қазақстанның 300-ден астам азаматы отандық туроператор қызметін тоқтатқан соң шетелде қалып қойды

Қазақстанның 300-ден астам азаматы отандық туроператор қызметін тоқтатқан соң шетелде қалып қойды
Фото: depositphotos.com

TEZ.KZ туроператоры өз қызметін тоқтатты, ал компаниядан тур сатып алған 300-ден астам қазақстандық шетелде қалып қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Туристік Қамқор" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан азаматтарының шығу туризм саласындағы құқықтарына кепілдік беретін "Туристик қамқор" қорының мәліметінше, TEZ.KZ туроператоры қызметін тоқтатты.

Бүгінде шетелде бұл туроператордан тур сатып алған 300-ден астам турист бар.

"Барлық турист Қазақстанға туроператордың кепілдік жүйесінде жинақтаған қаражаты есебінен қайтарылады. Кепілдендірілген қайтарудың міндетті шарты - туристік кодтың болуы. Туристерге туристік өнімде көрсетілген күндеріне сәйкес, Қазақстанға қайту билеті беріледі, - деп хабарлады қор.

Еске салайық, 2016 жылдан бастап туроператор сататын әрбір турда туристік код болуы керек. Туристік кодтың мерзімі Қазақстан шекарасын кесіп өткен сәттен басталады және туроператордың өз міндеттемелерін орындаған/орындамаған жағдайда тез арада қайтаруға кепілдік береді. Әрбір турист мұны талап етуі керек.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан