"Осының бәрін армандадың ғой" деп өзіме ұрысамын". Ерке Есмахан сәбилі болған соң не өзгергенін айтты

"Осының бәрін армандадың ғой" деп өзіме ұрысамын". Ерке Есмахан сәбилі болған соң не өзгергенін айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Танымал әнші Ерке Есмахан сәбилі болғаннан кейін өмірінде не өзгергенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің сөзінше, бұрын осындай сәтті армандаған.

"Бұрын Ислам жоқ кезде "не істеп шаршайтын едім?" деп ойлап қоямын кейде. Ұйқым биыл қанбайды-ау! "Осының бәрін армандадың ғой, Ерке" деп ұрысып қоямын өз-өзіме", - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Erke Esmahan (@erke_esmahan)

Желі қолданушылары жақында босанған анаға қолдау көрсетті.

"Ұмытылады бәрі, ертең қалай жігіт болып қалғанын байқамайсыз", "Иіскеңіз шаршауыңыз басылады. Бақыт қасыңызда", "Бала деген бақыт құшақтап иіскеген кезде барлығын ұмытып кететін", "Жағымды шаршау", - дейді олар.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова