"Ірі лауазым иелерінің атын пайдаланған". Астанада ақша жымқырған күдіктіге қатысты үкім шықты

"Ірі лауазым иелерінің атын пайдаланған". Астанада ақша жымқырған күдіктіге қатысты үкім шықты
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астанада ақша жымқырған күдіктіге қатысты үкім шықты. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов мәлім етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Өткен жылдың соңында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты К. Алтаевқа қатысты үкім шығарды", - деді ол брифингте.

Оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

"Сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылды. Ол аса ірі мөлшерде пара беруге арандатушылық жасағаны, оның бір миллион АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай қаражатын жымқыруға оқталғаны үшін айыпталды. Бұл ретте сотталған К. Алтаев жоғары лауазымды тұлғалардың есімдерін алға тартып, еліміздегі облыстардың біріндегі кен орнында жер қойнауын пайдалану келісімшартын ұзартуға уәде берген", - деді агенттіктің ресми өкілі.

Жасұлан Ордабаев

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz