Қарағандыда өзге облыстан келіп, есірткі сатпақ болған күдікті ұсталды

Қарағандыда өзге облыстан келіп, есірткі сатпақ болған күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz

Қарағандыда өзге облыстан келіп, есірткі сатпақ болған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қарағанды облыстық полиция департаменті есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қала орталығынан аса ірі мөлшерде есірткі сақтады деген күдікпен 25 жастағы талдықорғандықты ұстады.

Ұсталған ер адамға жүргізілген тінту жұмыстары барысында одан ұнтақ тәрізді 30 орам зат тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 22 грамм синтетикалық психотроптық зат екені белгілі болды. 

Жауап алу барысында күдікті Алматы облысының аумағында есірткі және психотроптық заттарды сатумен айналысқанын мойындады. Сондай-ақ оның қаңтар айының басында Қарағанды қаласына есірткіні жасыру арқылы таратуға келгені анықталды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.

Қазіргі уақытта қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина