Екі облыста автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді

2 облыста автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

24 қаңтарда сағат 11.00-дегі ахуал бойынша ауа-райының қолайсыздығы салдарынан 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

 Жетісу облысында – 1 учаске
1. "Үшарал-Достық" 84-184 шақырым, Көктұма ст.-Достық ст.– 100 шақырым.

Батыс Қазақстан облысында – 1 учаске
1. "Чапаев-Жалпақтал-Қазталов" 0-213 шақырым, Чапаев к.-Қазталов к. – 213 шақырым.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 648 бірлік техника және 1381 жолшы жұмылдырылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!