Алматы облысында алапат өрт шығып, қара түтінге айналған

Алматыға іргелес жерде алапат өрт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: Tengrinews.kz 

"Алапат өрттің шыққанына бір сағаттан асты, қара түтін пайда болған", - деп жазған оқырмандар. 

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті бұл ақпаратты растады. Өрт Первомай өнеркәсіптік аймағы ауданында болған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз