Алматыдан 250 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Алматыдан 250 шақырымда жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жер сілкінісін Төтенше жағдайлар министрлігінің "ННЦСН и И" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 24 қаңтарда Астана уақытымен сағат 07:35-те тіркеді.

"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 250 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11,3. Магнитудасы MPV - 4,9", - делінген хабарламада.

Қазақстан аумағында қалай сезілгені туралы ақпарат жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!