Петропавл маңындағы жантүршігерлік жол апатында екі адам қаза тапты

Петропавл маңындағы жантүршігерлік жол апатында екі адам қаза тапты
Фото: CҚО ПД

Петропавл маңындағы жантүршігерлік жол апатында екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Тағы төрт адам ауруханаға жатқызылды. Оқиға Қызылжар ауданында, Жезқазған-Петропавл республикалық маңызы бар тасжолында болған.

Жолда Peugeot және Тoyota Camry соқтығысқан. Соққы салдарынан осы көліктердің екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

"Бұл дерек тіркеліп, көліктер мамандандырылған тұраққа қойылды", - деді ПД баспасөз қызметі өкілі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова