"Қызым әдетте ерте ұйықтамайтын еді". Оралда тұрғындар тарақанға себетін дәріден уланып қалған

"Қызым әдетте ерте ұйықтамайтын еді". Оралда тұрғындар тарақанға себетін дәріден уланып қалған
Фото: ©️ Tengrinews.kz

Оралда тұрғындар тарақанға себетін дәріден уланып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Зиян препараттан зардап шегіп, көмейін күйдірген 5 азамат жедел жәрдемге жүгінген. Мамандар "келешекте осындай оқиғалар қайталанбауы үшін улау жұмыстарымен айналысатын ұйымдарды қадағалау қажет" екенін айтады.

"5 жасар қызым әдетте ерте ұйықтамайтын еді. Сол күні өз-өзінен әлсіреп, ұйқысы келді. Өзімнің де құлағым шуылдап, күдіктене бастадым. Сөйткенше болған жоқ есік қақты ғой. Дәрігерлер екен, "улы зат тарап жатыр, тез шығыңдар" деп келіп тұрған. Содан аулада тексерілген соң, ауруханаға алып кетті. Мен де, қызым да көмейімізді күйдіріппіз. Әлі өз-өзіме келе алмай жүрмін", - дейді қала тұрғыны Надежда Швакова.

Тұрғындардың улануына 2 қабаттағы көршісі кінәлі болып шықты. Ол түтін салатын препарат қолданған. Улы дәріні интернет дүкен арқылы тапсырыспен алдырыпты.

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда қандаланы улаймын деп 2 бірдей сәбидің өліміне себепкер болған әйел сотталғаны хабарланды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова