"Бір-бірімізді блокқа салғанбыз". Балжан Бидаш оқырмандарынан Жахан Отарғалиев туралы айтпауды сұрады

"Бір-бірімізді блокқа салғанбыз". Балжан Бидаш оқырмандарынан Жахан Отарғалиев туралы айтпауды сұрады
Фото: әлеуметтік желіден

Танымал әнші Балжан Бидаш әлеуметтік желіде оқырмандарынан өткен өмірін қозғамауды сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, бұрынғы жұбайы Жахан Отарғалиев те, өзі де бір-бірін әлеуметтік желіде бұғаттап тастаған.

"Неге маған оның сторисін жіберіп жатсыздар? Біз бір-бірімізді блокқа салғанбыз. Бізге солай оңай әрі жақсы. Өтініш сіздерден. Ол не салып жатыр, не істеп жатыр, не айтып жатыр, маған жібермей-ақ қойсаңыздар", - деп жазды ол.

Ал Жахан Отарғалиев әлеуметтік желіде өзіне қандай әйел керегін түсінгенін айтқан.

Айта кетейік, өнерлі жұп біраз уақыт бұрын екіге кетті.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова