Атырау облысында төбелес болып, оқушы қаза тапты

Атырау облысында төбелес болып, оқушы қаза тапты
Фото: ©️ Tengrinews.kz

Атырау облысы Құлсары қаласында болған төбелестің арты қайғылы жағдаймен аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, 19 қаңтарда түнгі 3:05 шамасында Құлсары қаласында топтық төбелес болған. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде қатысы барлар полиция бөліміне жеткізілген.

"Үш адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. 2006 жылы туған жасөспірім жансақтау бөлімінде қайтыс болды. 2000 және 2007 жылы туған күдіктілер қамауға алынды. Қазір соталды тергеу басталды, сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп жазылған басылым мәліметінде.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова