Депутат Шүкіжанова Мәжілістен кетті

Депутат Шүкіжанова Мәжілістен кетті
Фото: parlam.kz

Мәжіліс Respubliсa партиясынан сайланған депутат Динара Шүкіжанованың өкілеті тоқтату мәселесін қарастырады. Бұл туралы ақпарат Орталық сайлау комиссиясының сайтында пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Динара Аманжелқызы Шүкіжанованың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Д.А.Шүкіжанованың өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Динара Шүкіжанова - VIII сайланған Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі.

"Respublica партиясының тең төрағасы Динара Шүкіжанова шынымен де Мәжіліс депутаты ретінде өкілетін тоқтату туралы арыз жазды. Бұл туралы ертең палатаның жалпы отырысында хабарланады. Алайда ол әлі күнге дейін партияда, оның тең төрағасы және орталық кеңестің мүшесі ретінде қалады. Динара Шүкіжанова партия қызметіне араласып, Қазақстан халқының игілігі үшін белсенді жұмысын жалғастыруды жоспарлап отыр", - деп хабарлады Respublica партиясының баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісіне.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан