Қазақстанның екі облысында жол жабылды

Қазақстанның екі облысында жол жабылды
Фото: pixabay

23 қаңтар сағат 18.00-дегі ахуал бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты екі облыста республикалық маңызы бар автожолдардың екі учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жетісу облысында – 1 учаске:

  • "Үшарал-Достық" 84-184-шақырым, Көктұма ст.-Достық ст.– 100-шақырым.

Батыс Қазақстан облысында – 1 учаске:

  • "Чапаев-Жалпақтал-Қазталов" 0-213-шақырым, Чапаев к.-Қазталов к. – 213-шақырым. 

Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 648 бірлік техника және 1381 жолшы жұмылдырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан