Алматыдағы жер сілкінісі: республикалық маңызы бар автожолдар мен көпірлерге зақым келген жоқ

Алматыдағы жер сілкінісі: республикалық маңызы бар автожолдар мен көпірлерге зақым келген жоқ
Фото: "ҚазАвтоЖол"

Алматыдағы жер сілкінісінен кейін республикалық маңызы бар автожолдарға еш зақым келген жоқ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматыда болған жер сілкінісінен кейін, 23 қаңтарға қараған түні "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ қызметкерлеріне түскен сигналдан соң жолшылар шұғыл әрекет етті.

"ҚазАвтоЖолдың" Алматы, Жамбыл Жетісу облыстарындағы филиалының мамандары республикалық маңызы бар күре жолдар мен көпірлерді шұғыл тексеріп шықты.

Тексеру нәтижесі бойынша республикалық маңызы бар автожолдар мен көпірлерде ақау тіркелген жоқ.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан