Ертең Қазақстанда телеарналар мен радио уақытша жұмыс істемейді

24 қаңтарда жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін ел аумағында телеарна мен радиолар қызметін уақытша тоқтатады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазтелерадио" АҚ-ға сілтеме жасап.

"Қазтелерадио" АҚ үздіксіз және сапалы телерадио хабар таратуды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы профилактикалық жұмыс жүргізеді.

"Осы жылдың 24 қаңтарында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана қаласының уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз", - делінген хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз