Түркістанда бейтаныс адам тал түсте жігітті пышақпен қорқытып, ақша талап еткен

Түркістанда бейтаныс адам тал түсте жігітті пышақпен қорқытып, ақша талап еткен
Фото: Tengrinews.kz

Түркістанда тал түсте жігітті пышақпен қорқытып, ақша талап еткен азамат қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан қалалық полиция басқармасына жігіт арызданып, тал түсте көше бойында өзіне бейтаныс адам пышақпен қорқытып, 200 мың теңге ақша талап еткенін жеткізді.

Жедел әрекетке кіріскен тәртіп сақшылары осы іске қатысы бар 27 жастағы жігітті қолға түсірді. Анықталғандай, оқиға 14:00 шамасында көше бойында болған.

"Жігіт досының үйіне жаяу бара жатқан тұста алдынан бейтаныс ер азамат шығып, пышағын көрсетіп, қорқытқан. Артынша ақша талап еткен. Жігіттің қалтасында ақша болмағандықтан, күдікті оның телефонын алып кеткен",- делінген хабарламада.

Ер азамат қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы