Шымкентте 11-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады

Шымкентте 11-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады
Фото: pixabay.com

Шымкенттік 11 сынып оқушысы өзіне қол жұмсап, көз жұмды. Оқиға 22 қаңтар сағат 18:30 шамасында орын алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

"Оқушы қыздың "Оңтүстік" шағынауданында тұрғаны белгілі болды. Мамандар оның өз үйінде асылып, қайтыс болғанын мәлім етті", - делінген хабарламада.

Қазір қайғылы жағдайға байланысты құзырлы орган өкілдері тексеру жұмысын жүргізіп жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы