Экология министрі консервіленген киік етін Леонардо Ди Каприоға жібере ме?

Экология министрі консервіленген киік етін Леонардо Ди Каприоға жібере ме?
Фото: Видеодан алынған кадр

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев консервіленген киік етінің дәмін татып көрмек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкіметтің баспасөз орталығында министрге "Сіз консервіленген ақбөкен етін америкалық актер Леонардо Ди Каприоға жіберуді жоспарлап отырсыз ба?" деп сұрақ қойылды. Ерлан Нысанбаев елімізде киіктің санын арттыру үшін біраз жүргізілгенін еске салды.

"Танымал Голливуд актері Леонардо Ди Каприо ғана емес, көптеген халықаралық ұйымдар да 21 мың бас киіктің санын өсіргеніміз үшін бізге алғыс хат жібереді. Сондай-ақ халықаралық ұйымдар мәселенің екінші жағын да түсініп отыр. Олар ақбөкен санын реттеу керектігін де, әлемде мұндай тәжірибе барын да қабылдайды", - деді ол.

Министр консервті америкалық актерге жібермес бұрын киік етінің дәмін өзі татып көрмек.

"Киік санының табиғи реттелу құбылысының бұзылғанына өзіміз кінәліміз. Бүгінде оны қолдан реттеуге мәжбүрміз. Өйткені, олар ауыл шаруашылығына шығын келтіріп жатыр. Консервіленген (ақбөкен етіне) тоқталайын. Ол сатылып жатса, өзім сатып алып, дәмін көремін. Шынымды айтсам, бұл туралы ойламаппын", - деді Ерлан Нысанбаев.

Аяз Есен

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы