Жер сілкінісі кезінде Air Astana ұшағы Алматыға қона алмаған

Жер сілкінісі кезінде Air Astana ұшағы Алматыға қона алмаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"23 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 00.10-да Алматы қаласында жер сілкінісі сезілді. Әуеайлақ ауданында қонуға келе жатқан 5 әуе кемесі болды, оның ішінде 1 әуе кемесі қонды, 4 әуе кемесіне жер сілкінісі туралы хабардар етілді және әуеайлақ ауданында күту ұйымдастырылды. 4 әуе кемесінің ішінен Эйр Астана КС-856 әуекомпаниясының Астана - Алматы бағыты бойынша рейсі Түркістан қосалқы әуеайлағына кетті, 3-і қонуды ескертусіз орындады. КС-856 рейсі,қосалқы әуеайлаққа кетіп, Түркістаннан сағат 02: 32-де ұшып кетті. Алматыға есептік келу уақыты 03 сағат 34 мин", - деп жазылған авиация комитеті хабарламасында.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!