Алматыда есірткінің ірі партиясы тәркіленді

Алматыда есірткінің ірі партиясы тәркіленді
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Алматыда синтетикалық есірткінің рекордты партиясы заңсыз айналымнан алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалға алынған жеке үйде психотропты заттарды дайындау процессінде есірткі зертханасын ұйымдастырушы, 1997 жылы туған Қазақстан азаматы қылмыс үстінде ұсталды.

"Тінту кезінде 200 кг астам "мефедрон" есірткісінің дайын өнімі және 100 литр шикізаты алынды. Дайын есірткі заттарының бұндай салмағы, көрсетілген зертхана елде ең ірі болғанына негіздеме береді. Алынған "мефедрон" көлемі шамамен 610 мың бір реттік дозаға эквивалентті. Бұл ретте, есірткілер Қазақстан аумағында өткізу үшін арналған", - делінген хабарламада.

Сот шешімімен фигуранттарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы