Бас прокуратура Ауыл шаруашылығы министрлігін айыптады

Бас прокуратура Ауыл шаруашылығы министрлігін айыптады
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Бас прокуратура мен "Kazakh Invest" ҰК" АҚ (Task Force) бірлескен жұмысы аясында Ақмола облысында құрама жем зауыты мен құс фабрикасын салу жобасын іске асыратын отандық инвестордың мәселесі анықталды. Инвестициялық жобаны іске асыру кезінде Ауыл шаруашылығы министрлігі заң талаптарын бұза отырып (25 жұмыс күнінің орнына) келісу мерзімін 99 күнге дейін созған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Прокуратура актісі бойынша жол берілген бұзушылықтар үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық және инвестициялар тарту департаментінің директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Инвесторға оң салалық қорытынды беріліп, жобаны іске асыру жалғасуда. Бүгінгі таңда прокурорлар инвесторлардың 89 проблемалық кейсін шешті. Бұл жұмыс Бас прокуратура басшылығының ерекше бақылауында.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы