Алматыда колледж бен мектептерде бірінші ауысымдағы сабақтар болмайды

Алматыда колледж бен мектептерде бірінші ауысымдағы сабақтар болмайды
Фото: tengrinews

Алматыда колледж бен мектептерде бірінші ауысымдағы сабақтар болмайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қала мектептері мен колледждерінде түні бойы халықты қабылдау пункттері жұмыс істеуіне байланысты 23 қаңтар күні Алматы қаласының мектептері мен колледждерінде 1-ауысымдағы сабақтар болмайды. Балабақшалар штаттық режимде жұмыс істейді, балаларды әкелу ата-аналардың қалауы бойынша", - деп жазылған Алматы қаласының Білім басқармасы хабарламасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова