"Алматыдан 264 шақырым жердегі жер сілкінісінің салдары" - Астана ТЖД

"Алматыдан 264 шақырым жердегі жер сілкінісінің салдары" - Астана ТЖД
Фото: Тұрар Қазанғапов

Астана қаласы ТЖД өкілдері тұрғындардан жер сілкінісіне байланысты хабарлама түскенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

23 қаңтарда сағат 00-19 шамасында Астана қаласы ТЖД дағдарыс жағдайлары басқармасына елорда тұрғындарынан жер сілкінісі мәселелері бойынша 30-дан аса қоңырау түскен. 

Өтініштер мен хабарламалар түскен мекенжайлар бойынша жедел-құтқару бөлімшелері жіберілген, олар ғимараттар мен құрылыстарға тексеріс жүргізіпті, жер сілкінісі деректері расталмаған, зардап шеккендер тіркелмеді. 

"Астанада жер сілкінісі болған жоқ, бұл Қырғызстан шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде болған жер сілкінісінің салдары болды", - деп жазылған хабарламада. 

Қазіргі уақытта жедел штаб ашылды, 24-51-47 және 24-51-71 телефондары бойынша жедел желі ұйымдастырылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова